Әлем мұсылмандары ұлық мекере -
Ораза айтты кеңінен атап өтіп жатыр. Әсіресе мешіттерде кісі қарасы
әдеттегіден көп. Мәселен, Индонезиядағы Диан-әл-Мари кешенінде бұрын-соңды
болмаған айт дастарханы жайылыпты. Мұндағы жамағат биыл ұлттық киім киіп,
мешіттерде ортақ ас беруді ұйғарған. Қасиетті ай - "Рамазанның
аяқталуын" енді бұл елде дәл осылай тойламақ.
Айт мерекесінде Сирияда да
нағыз бейбітшілік орнағандай. Елде 3 күн базар мен дүкендер үзіліссіз жұмыс
істеп, асқа зәру адамдарға дастархан жайылған. Жергілікті халық соңғы 5 жылдан
бері, яғни азаматтық соғыс басталғалы, елде мұндай берекелі айт меркесінің
болмағынын айтып, қуанысып жатыр.
Келер жылдары да мұндай
бейбітшілік болады деп үміттенемін. Біз тыныш өмірді сағындық.
Құралай ПИОНЕР