$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкент қалалық полиция департаментіндегі үш лауазымды тұлға қамауға алынды

AstanaTV
13.12.2021ж. 20:00
2231
Шымкент қалалық полиция департаментіндегі үш лауазымды тұлға қамауға алынды

«Полицияға сене алмаймын!» Шымкент қалалық полиция департаменті ғимаратында ұлы қайтыс болған қостанайлық Ерқара Жұмабаевтың адвокаты бүгін осындай мәлімдеме жасады. Күдіктілердің ісін  басқа мекеменің қарауын талап етіп отыр.  Талғат Есімов  прокуратураға өз талап-тілегін жолдады.

Талғат ЕСІМОВ, Е.ЖҰМАБАЕВТЫҢ АДВОКАТЫ:

Ол қылмыстық істі Шымкент қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасынан алдырту жөнінде мен талап тілек қойдым прокуратураға жазбаша. Өйткені мен оларға сенімсіздік білдіремін. Бұлар бұл балаларды уже кінәлі етіп, қылмыскер ретінде санап отыр.   

Айта кетейік, Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов әлеуметтік желідегі өз парақшасында күдікке ілінген қостанайлық қос азаматты  ұстап жеткізу кезінде дене күші қолданылғанын мойындаған болатын. Тергеу сотының қаулысымен  үш лауазымды полицей екі айға қамауға алынды. Тағы алты жоғары шенді полицей қызметінен босатылған.    

Талғат ЕСІМОВ, Е.ЖҰМАБАЕВТЫҢ АДВОКАТЫ:

Ішкі істер департаментінің ғимаратында жас бала қайтыс болып отыр. Оған кінәлі деп криминалдық полицияның лауазымды, үлкен лауазымды қызметкерлер қамалып отыр. Бұл деген – полиция департаменті басшысының негізі өзі осы іс-әрекеттерге сәйкес өз еркімен жұмыстан кетуі керек деп есептеймін.  

Еске салайық, 8-желтоқсан күні, Шымкент полициясы Қостанай тұрғынын досымен бірге "көлік ұрлығына" күдікті деп арнайы жасақпен қолға түсірген. Бірақ бірнеше сағаттан соң ол көз жұмған.  Полиция бұл жағдайға оның кенеттен денсаулығы сыр бергенін желеу етті. Бірақ  сараптама қорытындысы 31 жастағы Нұрболат Жұмабевтың қатты соққыдан қаза тапқанын анықтаған.

А. Төребекқызы