"Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды". Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. "Мүлдем жаңа геосаяси ахуалда мемлекет құру - оңай шаруа емес, нағыз көшбасшының ғана қолынан келетін іс. Ең күрделі, бұлыңғыр кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай дара тұлға тарих төріне шықты" деді Президент. Сондай-ақ, еліміздің өткені мен бүгініне тоқталып, қол жеткізген жетістіктер туралы айтты. Шекарасы бекем, әлеуеті жоғары Қазақстанның әлі талай биікті бағындырарына сенім білдіріп, болашақтан зор үміт күтетінін жеткізді.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Тарихи уақыт өлшемімен қарағанда 30 жыл деген – қас-қағым сәт. Ал, өткен оқиғалар тұрғысынан бағаласақ, ғасырларға татитын мерзім. Қазақстан халқы үшін бұл – азаттық жылнамасының тұтас дәуірі. Жарқын болашағымызға жол салған ұлы жетістіктер кезеңі.
Б. Сатуов