$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан Парламентаралық Одақ ұстанымдарына берік,- Пашеку

AstanaTV
20.12.2021ж. 20:00
1769
Қазақстан Парламентаралық Одақ ұстанымдарына берік,- Пашеку

Қазақстан Парламентаралық Одақ ұстанымдарына берік. Аталған Одақ төрағасы, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинмен кездесуінде осылай деді. Тараптар парламентшілердің бірлескен жұмысын жандандыру жолдарын қарастырды. Мәжіліс Төрағасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Атап айтар болсақ, Қазақстан Парламенті сайлау процесін демократияландыруға, әйелдер мен жастардың құқықтарын арттыруға бағытталған бірқатар заңдарды қабылдады. Сонымен қатар, Адам құқықтары қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар жалғасуда, деді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Парламентаралық Одақ – ол ең беделді халықаралық парламенттік ұйым. Сондықтан, осы Одақтағы әріптестермен бірлескен жұмысымыз алдағы уақытта да парламенттік дипломатияны, диалогты нығайтуға, ықпал ететіні сөзсіз.

Дуарте ПАШЕКУ, ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Қазақстан Парламентаралық Одақ ұстанымдарына берік. Біздің ортақ құндылықтарымыз: өзекті мәселелерді шешу, демократия мен парламентаризмді қорғау үшін мемлекеттер арасында диалог орнату.