$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы, Шымкент пен Түркістан облысы жұмыссыз азаматтардың саны бойынша алдыңғы орында

AstanaTV
20.12.2021ж. 20:00
2356
Алматы, Шымкент пен Түркістан облысы жұмыссыз азаматтардың саны бойынша алдыңғы орында

Қай өңірде жұмыс табу қиын? Бұл сауалға LS порталы жауап іздеген. Жұмыссыздар саны бойынша көш басында Алматы, Түркістан облысы, Шымкент қаласы тұр. Ресми статистика, миллионды шаһар тұрғындарының 5 пайызы ғана жұмыссыз екенін көрсеткен. Жергілікті мамандардың мұнымен келіспейді. Шымкеттегі әріптесім Айзада Төребекқызы тақырыпты жалғастырады.

Шымкентте 21 мыңнан астам адам жұмыссыздар қатарында. Бұл ресми статистика. Ал бейресми қанша екенін ешкім білмейді.  Ал жұмыспен қамту орталығындағылардың өз уәжі бар. Олар бұл жағдайды аймақтағы халық санының көптігімен байланыстырып отыр.

Абылайхан БАЛЫҚБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Статистикалық мәлімет бойынша 21 мыңнан аса азамат тіркеліп тұр жұмыссыз ретінде. Алайда жұмыспен қамту орталығына қазіргі таңда осында жұмыспен қамту шараларына қатысу үшін 8 715 азамат тіркеліп, көптеген біздің шараларға қатысып жатыр. Қалған азаматтарды біз шақырамыз. Бірақ олар әл келген жоқ бізге тіркелмеген.


Орталық директоры Абылайхан Балықбаев биыл көрсеткіштің едәуір жақсарғанын алға тартады. Мыңға жуық жан тұрақты табысқа қол жеткізіпті. Пандемияға байланысты біршама мамандықтар жойылғанына қарамастан 2,5 мың адамды арнайы курстарда оқытқан. Дені мамандығын заман талабына сай ауыстырғанын айтты.  

Халық тығыз қоныстанған Түркістан облысы да жұмыссыз азаматтарының көптігімен көзге түсті. Тұрғындардың 5,1 пайызы, яғни  шамамен 42 мың адам жұмыссыз. Жасыратыны жоқ, екі қолға бір күрпек таппағандардың арасында қос-қос дипломы барлары да баршылық. Олардың кейбірі бүгінде базарда сауда жасап, қайсыбірі жолаушы тасып күнелтіп жүр. Сөзге тарқандарымыздың біршамасы тұрақты жұмыстың жалақысы қанағаттандырмайтынын айтты. Ал қайсыбірі жұмысқа тұру үшін сыйлық жасау қиын екенін жасырмады. Бірақ ешқайсысы жағдайды ашып айтуға құлықсыз.  

 А. Төребекқызы