Үйдің ішінен 41 алтын бұйым, 21 ұялы телефон, 92 смартфонның флэш-картасы, 2 адаптер, 13 USB-карта, 8 әмиян, 28 ұялы телефонның қабы табылған. Бұдан бөлек, полицейлер 990 мың теңге ақша мен қағазға оралған марихуана тапқан. Видеода әйелдер заттардың бәрі өзіміздікі деп ақталып отыр. Олардың біреуі қамауға алынып, екіншісі үйқамақта қалды. Тәркіленген заттардың бір бөлігі ашылмаған қылмыстық істер бойынша ұрланған мүлік екені анықталды.
Сабыржан ДӘУРЕНБЕКОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Барлық полиция бөлімдеріне тәркіленген заттардың фотосуреттері жолданды. Осыған орай егер тәркіленген заттардың арасынан өз заттарын анықтап жатса, № 2 қалалық полиция бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.
Г. Сейтенова