$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда 4 дәрігерге қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
24.12.2021ж. 20:00
2462
Атырауда 4 дәрігерге қатысты сот үкімі шықты

Атырау облыстық ауруханасының  үш хирургі мен бір педиаторы 11 айлық сәбидің өліміне  кінәлі деп танылды. Олар балаға  тиісті  дәрігерлік көмек көрсетпеген. Оқиға 2019 жылы желтоқсанда болған.  Нәрестені туыстары   белгісіз зат жұтып қойды деген шағыммен  ауруханаға бір емес, үш мәрте әкелген.   Алайда сол күнгі кезекші  дәрігерлер оны емдеу мекемесіне жатқызудан бас тартып, табиғи жолмен шығуын күтуге кеңес беріпті.   Сот кезінде дәрігерлер тағылған айыппен келіспеген.  Бірақ, сараптама қорытындысымен сәбидің медициналық көмек уақытылы көрсетілмегендіктен  көз жұмғаны дәлелденді дейді судья.   

Эльмира ОЙКУЛОВА, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қылмыстық Кодекстің 317 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танып, Тілеуғалиевке, Адрисовке, Тәжгалиеваға, 2 жыл мерзімге, Зұлхашевқа 3 жыл мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысу құқынан айыра отырып,  олардың әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 2021 жылғы  7 желтоқсандағы №81-7 ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты «Рақымшылық жасау туралы» Заңының 2 бабының екінші бөлігі бірінші тармағына сай бас бостандығынан  айыру туралы негізгі жазадан босатылсын.


Судья сондай-ақ , өзге мекемелерде де дәрігерлік қателіктер   қайталанбауы үшін қосымша қаулы қабылдады.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына   келеңсіз жағдайлардың алдын-алу үшін  нақты шаралар қабылдау міндеттелді. Нәтижесі бір ай ішінде сотқа хабарлануы керек.

Б. Надірқызы