Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді

Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді

Жандарбек Бекшин зейнетке шығады. Болжамы айна қатесіз келетін  танымал  дәрігер  мемлекеттік қызметпен біржола қоштаспақ. Бұл туралы  Бекшиннің өзі телеарна тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. Денсаулық сақтау саласының үздігі, салада 40 жылдай еңбек еткен кәсіби маман   енді жеке жұмыстарымен айналыспақ. Бірақ коронавируспен де соңына дейін күресемін дейді.  

Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ қ. БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Заң бойынша бір рет қана бір жылға шартты ұзатуға болады. Былтыр маған бір жылға ұзартты. Екі рет ұзартуға болмайды. Қысқа болса да, ұзақ болса да отпускаға бару керек. Сондықтан, мен дүйсенбіден 4 қаңтарға дейін отпускада боламын. 5-нен бастап уже все.

Жандарбек Бекшин сондай-ақ,   өз құпиясымен бөлісті. Яғни коронавирустың қашан азайып, қашан көбейетінін қалай болжайтынын айтты.

Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ қ. БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

2009 жылы болған тұмаудың пандемиясының нәтижесін қарап, себептерін қарап түсіндім. Эпидемия, пандемия келетінін, вирустар болатынын білдім. Білімнің арқасында және де жаңа біліммен мынадай болжам беріп тұрдым ғой. Жүйелі түрде жасадық бұл жұмысты.

Айта кету керек, Жандарбек Бекшин -пандемия басталғалы вируспен белсенді күресіп жүрген бірден-бір маман. Коронавирустың қашана келетінін де өзі айтып еді. Күні кеше Алматыға "омикрон" штаммы наурыз айында келетінін жеткізді. Індеттің шарықтау кезі   сол кезге сәйкес келеді дейді.  Сонымен бірге, қаланың бас санитар дәрігері қызметінен дүйсенбіден бастап Қарлығаш Әбдіжаппарова уақытша атқаратын болады.

А. Данияр