$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алаяқтардан қалай сақтану керек?,- сарапшылар

AstanaTV
28.12.2021ж. 20:00
2329
Алаяқтардан қалай сақтану керек?,- сарапшылар

Елімізде  жалпы алаяқтық жағдайлар  жиілеген. Оның көбі  банктік операциялармен байланысты. Белгісіз біреулер қашықтан отырып-ақ адамды алдап, арбайды. Тіпті кейбіреулер  өзін банк қызметкерімін деп  таныстыратын көрінеді. Оны кез-келген адам байқай алмай қалады дейді мамандар.  Сондықтан    жалған банк қызметкерінің құрығына түсіп қалмауды ескертеді. Олардың айтуынша, SMS-кодты ешқашан  ешкімге айтпау керек.  Мұнан басқа банк қызметкері мен алаяқты қалай ажыратуға болады? Мамандар тағы қандай кеңес береді?  

Соңғы кездері банк тарапынан белгісіз аударымдар туралы хабарламалар мен  өзін "банк қызметкерімін" деп  таныстыратын  қоңырауларға алданып қалғандар көбейді.    Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желі алаяқтары өте әккі және  өте тәжірибелі болады.  Тек олардың әрқайсысының техникасы әртүрлі. Сондықтан сарапшылар күмәнді бейтаныс адамдардан немесе достардан келген файлдарды ашпауға және жүктемеуге кеңес береді. Қысқартылған сілтемелерге сенбеңіз және ешқандай жағдайда ешкімге құпия сөздерді, төлқұжат деректерін, SMS-тен алынған кодтарды және төлем карталарының PIN-кодтарын ешкіммен бөліспеңіз дейді. Банк қызметкерлері несиені ресімдеу туралы хабарлаған жағдайда, тұрғындарды өте мұқият  әрекет етуге шақырады. Қазіргі күні қашықтан қол жеткізу бағдарламалары өте қауіпті.Сондықтан  барынша сақ болған дұрыс дейді мамандар. Әр тұрғын өзінің  жеке дерегіне  жауапкершілікпен қарауы тиіс. Оны мүлдем ешкімге айтпау керек.  Тіпті жақындарына да. Ал шын банк қызметкері мен  алаяқты  қалай ажыратуға болады?  Мұқият болсаңыз , ол  өте қарапайым. Нағыз қызметкер сізге "иә" немесе "жоқ" деп жауап бере алатын сұрақтарды ғана қоя алады. Бірақ ол ешқашан сіздің деректеріңізді, жіберілген хабарламаларды сұрамайды.  

Б. Сатуов