Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қостанайда нұротандықтар көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті

AstanaTV
11.01.2022ж. 20:00
779
Қостанайда нұротандықтар  көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті

Қиын-қыстау кезеңде  қысылғанға көмек, қиналғанға жәрдем көрсету азаматтық парыз. Қостанайлық нұротандықтар осылай дейді. Төтенше жағдай режимі енгізілген алғашқы күндері  банктердің көбісі жұмыс істеген жоқ. Сол кезде көпшілік қолма-қол ақша таппай қалды. Тіпті кейбіреулері   азық-түлік ала алмай қиналды.  Осы сындарлы сәтте мәслихат депутаттары көпбалалы отбасыларына қол ұшын созып, қолдау көрсетті. Сондай-ақ, жастарды арам пиғылды арандатушыларға ермеуге шақырып,   ақ-қараны ажырату үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Президент тапсырмасына сәйкес арнайы мониторингтік топ құрып, аймақтағы азық-түлік, жанар-жағар май бағасын бақылауға алды.

Бибігүл АҚҚОЖИНА,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Біздің партиямыздың,активіміздің қолдауымен көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді.Сонымен қатар ереуілге шығып наразылық ой білдірген жастар арасында бәрімен ақпараттық түсіндірме жұмыстарын облыстық мәслихат депутаттары,біздің актив өткізді.

З. Санай