$498.34 €519.72 ₽4.85
×

АҚШ-та шот ашқан қазақстандықтар туралы ақпарат қолжетімді болмақ

AstanaTV
12.01.2022ж. 20:00
1084
АҚШ-та шот ашқан қазақстандықтар туралы ақпарат қолжетімді болмақ

Енді АҚШ-та шот ашқан отандастар туралы ақпарат алу қолжетімді болмақ. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, аталған құжат АҚШ-та шот ашқан жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға жол ашпақ. Сәйкесінше, Қазақстанда шот ашқан америкалықтар туралы АҚШ бізден толық мәлімет алады. Министрдің пайымынша бұл ел қазынасына да оң әсерін тигізеді.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
 
Құжатқа сәйкес АҚШ қаржы ұйымдарымен халықаралық іскерлік операциялар жүргізетін барлық шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілерінің шоттары туралы ақпарат беруге міндетті. Келісімге сәйкес, Қазақстан орталықтандырылған ақпарат жинауды көздейтін модельді неғұрлым оңтайлы қадам ретінде таңдады, өйткені осы модельді іске асыру: - қаржы жүйесін бақылауды сақтауға мүмкіндік береді.


Д. Жарқынбек