$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ақтөбеде арнайы топ құрылды

AstanaTV
21.06.2016ж. 20:00
1563
Ақтөбеде арнайы топ құрылды

Лаңкестердің ойранын қайтадан болдырмау қажет. Ақтөбеде осы мақсатта арнайы топ құрылды. Ол облыстық діни істер департаментіне қосымша көмек болмақ. Оның құрамында білікті теологтардан басқа, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, стратегиялық зерттеулер орталығы мамандары да бар.

Арнайы топ өкілдері дәстүрлі діннен ауытқып, теріс ағымның жетегінде кеткендерді анықтап, олармен кездесуді әдетке айналдырмақ. Тест-сауалнама, әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, мешіттерде мониторинг жасайды. Осының нәтижесінде жұмысты күшейтуді қажет ететін нақты бағыттар айқындалмақ. 

Бауыржан Есмахан, Ақтөбе облысы бойынша діни істер департаментінің жетекшісі:

Бұл жұмыстар біздің облысымызда бұрыннан да атқарылып жатыр. Бірақ сырт көзге басқаша болып көрінеді. Мүмкін, біздің көре алмай жатқан мәселелеріміз бар шығар. Оны мына сырттан келген жаңағы атап өткен сарапшылар анықтап белгілеуі мүмкін. Сол үшін міне арнайы топ өзінің жұмысын бастап кетті деп айтсақ болады.

Естеріңізге салайық, 5 маусым күні лаңкестер қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Оқиға кезінде 3 сарбаз бен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Мансұр ЕСҚОЖИН