Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодарда жетімдер үйі азаюда

AstanaTV
21.06.2016ж. 20:00
1784
Павлодарда жетімдер үйі азаюда

Павлодар облысында соңғы 5 жылда жетімдерге арналған 5 мекеме жабылған. Мұны мамандар жетім және тастанды балаларды асырап алуға ниет білдіргендердің көбеюімен байланыстырып отыр. Сондықтан балалар үйінде тәрбиеленушілер саны едәуір азайған. Ақпарға сәйкес, қазірде облыста жетімдер үйінің саны 13. Онда 463 жеткіншек тәрбиеленеді. Бес жыл бұры көрсеткіш 810 баланы құраған. Үрдістің жақсаруына балама тәрбие жүйесінің дамуы өзіндік үлес қосқан. Мәселен, бүгінде жүзге жуық балғын қамқорлыққа алынған. Асырап алуға ниеттенушілер саны да артып келеді. Қазір 105 отбасының өтініші қаралып жатыр. 

Саян Мұқанов, Павлодар облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Осы күні балама тәрбие формалары дейміз - асырап алу да бар. Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алу бар баланы. Сонымен қатар, патронаттық тәрбиеге алу бар. Облыс бойынша 96 патронаттық отбасыда тәрбиеленіп жатқан бала бар. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ