Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Допингке қатысты дау «Қазақстан барысында» да шықты

AstanaTV
21.06.2016ж. 20:00
1477
Допингке қатысты дау «Қазақстан барысында» да шықты

Допингке қатысты дау «Қазақстан барысында» да шықты. Биыл төрт палуан допинг қолданғаны үшін турнирден шеттетілген. Олардың қанында «мельдоний» препараты табылған. Осылайша, Мереке Тұраев, Александр Косачев, Айбек Нұғымаров және Самир Мамедов жарыстардан шеттетілді. Десек те соңғы сөзді WADA Бүкіл Дүниежүзілік допингқа қарсы агенттігі айтуы тиіс. Айта кетсек, «мельдоний» препараты әлем бойынша биыл бірінші қаңтардан бастап тыйым салынған допингтардың қатарына енгізілген. 

Сәрсен Құранбек, ҚР Қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті:

Біз WADA-ның шешімін күтіп отырмыз. Мүмкін, олар препараттың көлемі аз болғандықтан, ары қарай жарысқа қатыстырылуы да мүмкін. Немесе бір айға бір-екі жылға жарыстан шеттетілсін деген де шешім болуы да мүмкін. Әрине, соңғы шешімді Бүкіл Дүниежүзілік допингқа қарсы агенттік айтады. Ол шешімді біз тосып отырмыз. Ол шешім 3 шілдеге дейін де, одан кейін де келуі мүмкін.

Биыл турнирдың жүлде қоры 42 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде 25 млн теңге бірінші орын алған балуанға бұйырады. Сондай-ақ жеңімпаз Астанадан бір бөлмелі пәтерге ие болады. Тағы бір айта кетерлігі, биыл тарихта бірінші рет әскери қызметкерлер арасында «Әскер барысы» турниры өткізіліп, жеңімпаз 33-інші балуан ретінде «Қазақстан барысы» турнирына қатысады. Айта кетейік, «Қазақстан барысы-2016» турнирының финалы 3 шілде күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.

Берік ХАСЕНОВ}