$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Жаңа Қазақстан: "Жемқорлықпен аяусыз күресеміз" - Президент

AstanaTV
20.01.2022ж. 20:00
1402
Жаңа Қазақстан: "Жемқорлықпен аяусыз күресеміз" - Президент

Жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз. Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев "Твиттердегі" парақшасында, "Жаңа Қазақстанның" мақсатымен бөлісті. Ол барлық күш-жігер халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталғанын хабарлады. Президенттің айтуынша, ел экономикасы орнықтылығын көрсете білді және Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестертердің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдамақ.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
 
Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз.

Сондай-ақ, Президент жаңа Қазақстан құрудағы мақсаты - азаматтардың тұрмыстық ахуалын арттырып, жұмыссыздықты жою дейді. Басты міндеттердің тағы бірі ол инфляцияны тежеу, деді.   

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.


Д. Жарқынбек