Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Алматы трагедиясын» тергеу ашық және объективті түрде жүргізілуі керек, - сенатор

AstanaTV
20.01.2022ж. 20:00
1173
«Алматы трагедиясын» тергеу ашық және объективті түрде жүргізілуі керек, - сенатор

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде болған әр факт жіті зерттеліп, тексерілуі қажет. Сенатор Ләззат Сүлеймен осындай ұсыныс көтерді. Оның дерегінше, қаралы оқиғалар кезінде және төтенше жағдай енгізілген соң әртүрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңнан астам адам ұсталған. Олардың арасында жазықсыз жандар жапа шекпеуі тиіс деді. Осыған сай ұсталған адамдардың қорғалуға және білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығы қамтамасыз етілуі керек деп отыр. Сондықтан құзырлылар барлық жайтты жасырмай, ашық айтуын қажет деп санайды.

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн» деген пікірімен толық келісеміз. Мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық, әрі объективті болуы, барлық жайт жасырылмай, ашық айтылуы міндетті.


Б. Сатуов