Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде діни және террористік ұйымдардың 500-ден астам көшбасшысы мен қатысушысы өз жазаларын өтеп жатыр. Мұны сенатор Андрей Лукин айтты. Ол діни экстремизммен сотталғандарға бақылауды күшейту қажет деп санайды.
Андрей ЛУКИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау мақсатында, ең алдымен радикалды көзқарастағы сотталған адамдарды камерада ұстауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған мекемелерге қайта жаңарту жүргізу керек. Өлтірмейтін қарумен және арнайы құралдармен, оның ішінде радиобайланыс құралдарымен, техникалық күзет құралдарымен жабдықтау қажет. Ұялы байланысты бұғаттау жүйелерімен толық жарақтандыру арқылы түзеу мекемелеріндегі күзеттің тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттыру ұсынылып отыр.
Депутат бас бостандығынан айыру мекемелерінің дені өткен ғасырдың 30-70-ші жылдары салынғанына да алаңдаушылық тудырды. Олар еш талапқа сай келе бермейді деді. Мәселен 64 мекеменің тек 9-нда сотталушылар камера бойынша ұсталынады екен. Ал онда жазасын өтеушілердің тек 18 пайыздан астамы ғана отыр.
Б. Сатуов