Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыда жаппай тәртіпсіздік құрбандарын еске алуға арналған арнайы пантеон салынады

AstanaTV
20.01.2022ж. 20:00
1449
Алматыда жаппай тәртіпсіздік құрбандарын еске алуға арналған арнайы пантеон салынады

Алматыда қаңтар қырғынына арналып, пантеон салынатын болды. Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қалалық штаб отырысында айтты.  Ол жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандардың ерлігі ұмытылмауы тиіс дейді. Сондықтан олардың рухына арнайы мемориалды ескерткіш тұрғызылмақ. Қазір жобаның эскизін әзірлеуге ашық байқау өткізу қолға алынған.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
 
Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірір күнде пантеонның сызбасын дайындауға арналған сәулет байқауы жарияланады. Пантеон шабуылда құрбан болған азаматтарға арнап салынбақ. Жауапты сәтте алматылықтар содырларға қарсы тұрып, табандылықтың үлгісін көрсете білді.

Ә. Лесбек