Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Тобыл өңірінде ақбөкенді заңсыз ату фактісі азаймай тұр

Тобыл өңірінде ақбөкенді заңсыз ату фактісі азаймай тұр

Қостанай облысында ақбөкендерді заңсыз ату дерегі  азаймай тұр. Аймақта  браконьерлікке қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды. Қаскөйлер түз тағысын  аулауға қатаң тыйым салынғанын біле тұра,аңды атып,   мүйізін астыртын сатқан. Соның салдарынан мемлекетке 170 миллион теңгеден артық шығын келді.  Еске салайық,  жеті жыл бұрын бетпақдала тұқымының жаппай қырылуына байланысты ақбөкенді аулауға  мораторий енгізілді. Қазір аймақта киік  саны  285 мыңға жеткен.  Оларды арнайы жасақтар көзінің қарашығындай қорғауға тырысуда,  үнемі рейдтік шаралар ұйымдастырады. Бірақ соған қарамастан, қаскөйлер ақбөкендерге қырғидай тиюін тоқтатар емес дейді.

Рустам БИДІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАНУАРЛАР ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
 
Ақбөкендерді ату және мүйізін сату бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды. Үш іске қатысты кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сотпен тағы екі іс қаралуда.Ең ірі заң бұзушылық 96 мүйізді заңсыз өткізуге қатысты. Қылмыскер 7 жылға сотталды.

З. Санай