Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда былтыр 50-ге жуық жасөспірім жоғалған

AstanaTV
20.01.2022ж. 20:00
776
Атырауда былтыр 50-ге жуық жасөспірім жоғалған

Атырауда жасөспірімдердің жоғалуы жиілеген.  Тек былтырдың өзінде 102 нөміріне 46 арыз түскен. Полицейлердің ақпаратына сенсек, олар көбіне саналы түрде үйден кетеді. Әсіресе ересектермен сөзге келіспей қалғанда, үйден кетуді жөн көреді. Тіпті оны әдетке айналдырғандары да бар екен. Мәселен, үйінен кеткен бір жасөспірімді 3 рет, полиция кері қайтарыпты. Мұндай балалар ішкі істер органдарына есепке алынып, ал ата-анасы әкімшілік жазаға тартылған. Дегенмен арасынан ата-анасынан көз жазып қалатындар да бар. Құзырлы органдар балалар үшін ата-ана жауапты екенін ескертеді. Атыраулық полицийлер жоғалғандарды аман есен үйлеріне қайтарғандарын мәлімдеді.

Б. Надірқызы