Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркияда қалың қар жауды

AstanaTV
20.01.2022ж. 20:00
957
Түркияда қалың қар жауды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында қалың қар жауды. "Бұл соңғы 54 жылда болмаған жағдай"  дейді жергілікті ақпарат көздері. Қардың  қалыңдығы 1 метрге дейін жеткен. Жүздеген жүк  көлігі жол бойында қаңтарылып тұр.  Боран салдарынан жолда қалған  2800-ге жуық адам құтқарылды.    Ресми ақпарат бойынша,   діттеген жеріне жете алмай тұрған 7 мың саяхатшыға азық-түлік жеткізілген және 190-ға жуық адам  эвакуацияланған.

Сауд Арабияда  да ауа температурасының  рекордтық төмендеуі тіркелді.  Соңғы 30 жылда минус 6 градус болмаған.  Аяз бен қалың қар, кей аймақтарда қар соңы жаңбырға ұласып, жағдай қиындаған. Қазгидрометтің мәліметінше, біздің елде де  кейбір өңірде ауа-райы күрт төмендейді. Қатты  жел соғып,  жаңбыр аралас қар жауады. Таңертеңгі уақытта  тұман түсіп, көктайғақ болады дейді синоптиктер.  

Ә. Дүкембаева