Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодарда танысын және оның 7 және 5 жастағы қыздарын пышақтап тастаған қылмыскер сотталды

AstanaTV
21.01.2022ж. 20:00
1332
Павлодарда танысын және оның 7 және 5 жастағы қыздарын пышақтап тастаған қылмыскер сотталды

Павлодар облысында бейкүнә балалар мен олардың анасын асқан қатігездікпен өлтірген қылмыскер сотталды. Бір отбасының шаңырағын ортасына түсіріп, 3 бірдей адамын мерт қылған 36 жастағы қандықолды сот кәнілі деп тапты. Аймақтың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 36 жастағы қылмыскерге ең ауыр жаза тағайындады. Сотталушы екі және одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша,  өмірінің соңына дейін темір торға қамалатын болды. Ал, айыпталушы өзіне тағынған кінәсін мойындамаған.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Сот барысында прокурор судьядан оған ең қатаң жаза беруін сұрады. Істі 10 алқа биі мен 1 судья қарап, бірауыздан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Бұл қанды қылмыс өткен жылы Ақсу қаласында болған. Ер адам түнгі уақытта танысының үйіне келіп, шу шығарған.  Артынша жанжал туып, ол әйелді бірнеше жерінен пышақтаған. Анасына араша болған 7 және 5 жастағы қыздарында, қанішер аямаған.

Ө. Қуанар