Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Пандемия жақын күндері аяқталуы мүмкін, бірақ коронавирустан құтыламаймыз, - А.Шарман

Пандемия жақын күндері аяқталуы мүмкін, бірақ коронавирустан құтыламаймыз, - А.Шарман

Пандемия жақын күндері аяқталуы мүмкін. Яғни халық бұрынғы қалыпты өміріне оралды деген сөз. Бірақ, бұл коронавирустан түбегейлі құтыламыз дегенді білдірмейді. Медицина докторы Алмаз Шарманның пайымынша, COVID-19-да тұмау сияқты маусымдық вирусқа айналады.  Ғалым сонымен бірге, ревакцинацияны алуға тиіс және қайта екпе алуды қажет етпейтін адамдарға тоқталды. Сонымен, халықтың бөрігін аспанға лақтыратын күн қашан? Әріптесім Асылбек Даниярдың репортажы.  

Дүниежүзін әбігерген салған коронавирус пандемиясы ақыры аяқталады. Десе де, індеттің таралуы жалғаса береді. Мүмкін, оның мутацияға ұшырау процесі де жалғасады дейді, вирусолог-ғалым Алмаз Шарман. Айтуынша, қазір тұмау жыл сайын күрделеніп жатыр. Бұл үдеріс COVID-19-ға да тән болады деген пікірде.

Алмаз ШАРМАН, ВИРУСОЛОГ-ҒАЛЫМ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Сондықтан, кішкене шыдамдылық таныту керек. Менің ойымша, бұл індет әлі көктемге дейін жалағасады. Шамамен бір жарым-екі айға созылады. Сосын вирустың таралуы әлсіреп, біз қалыпты өмірге ораламыз. Қоғаммен еркін қарым-қатынас жасай аламыз деген үміттемін. Пандемия табиғи процесс болғандықтан жойылып кетуі мүмкін.

Медицина ғылымдарының докторы, қазір тарап жатқан "омикрон" штаммынан 60 жастан асқан тұрғындар зардап шегу мүміндігін ескеретеді. Мейлінше, үйінде егде жастағы адамдар бар отбасылар, абай болуы керек. Егер вакцина алып, ревакцинация жасатса сырқаттану кезеңі жеңіл өтетінін жеткізді. Сондай-ақ дәрігер коронавирусты жақын арада жұқтырғандардың қайта екпе алуға асықпауға шақырады.

Алмаз ШАРМАН, ВИРУСОЛОГ-ҒАЛЫМ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Қазір көбісі омикрон нұсқасымен ауырған болуы мүмкін. Оларға енді вакцина салдырудың қажеті жоқ. Өйткені, қазірдің өзінде олардың ағзасында қажетті иммунитет бар. Сәл уақыт шыдаса, індеттің таралу қарқыны күрт төмендеді.

Елде коронавирусқа қарсы вакцина салу қарқыны әлі де төмен. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, былтырдан бері екпенің қос бірдей дозасын 8 миллион 700 мыңдай адам салдырған. Сонымен бірге, апта басында Үкімет басшысы ревакцинацияны күшейтуді тапсырған болатын. Ведомство перпарат қорын көбейту мақсатында елге бірер күн бұрын Ресейдің «Спутник лайт» екпесін жеткізді. Оның тиімділігі – 79 процентті құрайды. Оның 10 мың дозасы елордалықтар үшін қолжетімді. Қазір қаланың бас ұстазы бастаған педагогтар жаппай үшінші рет вакциналаудан өтіп жатыр.

Сырым НҰҒМАНОВ, Ғ.ҚАЙЫРБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Осы онлайн форматтардан біз қазір шаршадық. Біз жылдамырақ оффлайнға көшкіміз келеді. Оффлайн форматқа көшуіміз үшін біздің ұжымымыз, коллективіміз, жалпы барлығымыз вакцина қабылдау керекпіз.


Елдегі эпид ахуалдың тұратқталатын түрі жоқ. Жағдайды бағалау матрицасы 5 күннен бері қызыл түске боялды. Тек Түркістан облысы «сары» аймақта. Өткен тәулікте де індетке шалдығудың антирекорды тіркелді. Анықталған 16 мыңнан астам деректің 5 мыңы бас қалаға тиесілі.

А. Данияр