Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені тағы да төмендетпек

AstanaTV
22.06.2016ж. 20:00
1201
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені тағы да төмендетпек

Базалық мөлшерлеме тағы да төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Базалық мөлшерлеме мамыр айында 17 пайыздан 15 пайызға түскен. Келесі шешім 11 шілдеде белгілі болады.

Ұлттық банк қазір екінші деңгейлі банктерге қарызды 15 пайызға беріп отыр. Коммерциялық банктер одан әрі өз пайдасын табу үшін үстіне үстеме қосады. Қазір банктердің үстемесі 20 пайыздан асып жығылады. Ал базалық мөлшерлеме түссе, несиенің пайызы да кемуі мүмкін. Ұлттық Банк Жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты коммерциялық банктерге 14-16,5 пайызға ұсынған. Бірақ кейбір екінші деңгейлі банктер бұдан бас тартқан. Оны Ұлттық Банк төрағасы бақылаудың күшеюімен байланысты болуы мүмкін деп отыр.

Ал халыққа зейнетақы қорындағы қаражатты қысылған кезде алдын ала алуға рұқсат беретін заңды қазір Үкімет қарап жатқан көрінеді. Бұған дейін салымшы қатты науқастанса, ипотекалық пәтердің қарызын жабуға немесе білім алу үшін шұғыл қаржы қажет кезде қордан алуға болатыны айтылған. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бар.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану мүмкіндігі заң жүзінде мүмкін нәрсе. Бірақ бұл мәселені біз қазір терең зерттеп жатырмыз. Әрине, бұл мүмкіндік отандастарымызға тиімді болар еді. Себебі осы күнге дейін өздеріне жеткілікті қаражат жинаған салымшылар баршылық. Бұл ел экономикасының тұрақты дамуына  байланысты қабылданатын шешім.