Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент Әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Мәжіліс төрағасы болып сайланды

AstanaTV
22.06.2016ж. 20:00
1650
Президент Әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Мәжілістің жаңа төрағасы парламенттің мысын арттырмақ. Осылай деген депутаттар бүгін Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Мәжіліс төрағалығына бірауыздан лайық деп таныды. Жасырын дауыс беруге қатысқан 102 депутат Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Бұл, әрине, мен үшін үлкен мәртебе және өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан алдағы уақытта Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және сіздердің сенімдеріңізді ақтау, мәжілістің жұмысын одан әрі күшейту жолында барлық жинаған білімімді, тәжірибемді осы жұмысқа жұмсайтын боламын.

Депутаттардың пікірінше, жаңа «ескі» төрағаның ортаға қайта оралуы парламент жұмысының демократиялық сипатын арттырып, заң шығарушы органның жұмысын салмақты ете түспек. Бесінші шақырылымның төрағалығы кезінде Нығматулиннің депутаттар алдына дайындықсыз келген министрлік өкілдерінің сұрағын күн тәртіптен алып тастаған кездері Мәжілістің сақа депуттарының әлі есінде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ