Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша болжам жасады

AstanaTV
25.01.2022ж. 20:00
960
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша болжам жасады

Коронавирус жұқтырудың ең жоғары деңгейі енді ақпан айында болуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрайымы Айжан Есмағамбетова бүгін жаңа болжамдарымен бөлісті.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біз эпидемиологиялық жағдайды үнемі болжап отырамыз. Білесіз бе, біз болжамды үш сценарий бойынша жүзеге асырып жатырмыз: реалистік, оптимистік және пессимистік. Бүгінгі болжам бойынша сырқаттанушылықтың шыңы ақпан айының ортасында болады.

Індеттің салдарынан бүгінгі күні бизнестің 61 пайызы жабылудың алдында тұр. "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жүргізген сауалнама осыны көрсеткен. Палатаның дерегінше пандемия басталғаннан бері кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны орта есеппен 11 пайызға, ал қоғамдық тамақтану, ойын-сауық және қызмет көрсету салаларында 20 пайызға қысқарған.

Олжас ОРДАБАЕВ, "АТАМЕКЕН" ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Пандемияға байланысты сауалнамаға қатысқандардың 56 пайызы табыс айтарлықтай төмендегенін айтты. Кәсіпорындардың шамамен 61 пайызы жабылуға шақ қалып тұр, қоғамдық тамақтану нысандарында бұл көрсеткіш 78 пайызға, туризмде 79 пайызға дейін өсті. Бұл ретте туризм, сауда, ойын-сауық және демалыс секторлары көбірек зардап шекті.

Ә. Дүкембаева