Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс құрт алып шықты

AstanaTV
25.01.2022ж. 20:00
1626
Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс құрт алып шықты

Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс құрт  алып шықты. Науқастың ішкі ағзасындағы паразитті жою үшін медицина мамандарына бір мезетте екі бірдей операция жасауға тура келген. Шұғыл ота жасалған 19 жастағы келіншек жүктіліктің 37 аптасында болған. Оң жақ қабырғасы қатты ауырғасын дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Тексеру кезінде мамандар аяғы ауыр келіншектің бауырынан  бірі 15 см екіншісі 10 см болатын эхинококк кистасын анықтаған. Бауырына құрт түсіп, жағдайы ауырлаған әйел мен оның баласын аман алып қалу үшін дәрігерлер  оны алдымен кесер тілігі арқылы босандырған. Артынша хирургиялық жолмен науқастың ішінен екі үлкен құртты алып шығыпты. Күрделі ота жасалған әйел  әлі біраз күн ауруханада тиісті ем қабылдайды. Ал оның сәбиі қазір перзентханада.

Мақсұт АЙМАҒАМБЕТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл ауру өте баяу өршиді. Негізінен ешқандай белгілері байқалмайды. Ауру сезімі  тек құрттың көлемі үлкейгенде барып білінеді. Эхинокк негізінен мал өнімдерін шала пісіріп жегенде және  ит –мысықтардан жұғады. Жалпы қазір ананың да, баланың да жағдайы бірқалыпты. Отадан кейін асқыну белгілері болмады.

А. Төребекқызы