$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ауыл шаруашылығы саласының шенеуніктері ұсталды

AstanaTV
31.01.2022ж. 20:00
1357
Ауыл шаруашылығы саласының шенеуніктері ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  ауыл шаруашылығы саласы бойынша үш  шенеунікті ұстады. Антикордың хабарлауынша, олар: Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы  басқармасының басшысы - Владимир Гайламазян, Жамбыл облысынан  басқарма басшысының орынбасары -Ерлан Құлкеев, Маңғыстау облысынан басқарма басшысының экс-орынбасары- Бақтыбай Ізімтаев. Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша Ерлан Құлкеев Жаңа жылға дейін өз еркімен жұмыстан кеткен. Ал оны ұстау туралы ақпарат өткен аптада ғана жария болды дейді. Аталған агенттік өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын хабарлады.

А. Данияр