Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Атырау-Астрахань" жолының құрылысына тағы 10 млрд теңгеге жуық қаржы керек

AstanaTV
03.02.2022ж. 20:00
1226
"Атырау-Астрахань" жолының құрылысына тағы 10 млрд теңгеге жуық қаржы керек

"Атырау-Астрахань" жолының құрылысын аяқтау үшін  тағы 10 млрд теңгеге жуық қаржы керек. Бұл туралы  индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев  мәлімдеді. Оның айтуынша, әлі атқарылар шаруа жетерлік. Сондықтан құрылыс жұмыстары бірнеше жылға созылуы мүмкін. Ал Сенат депутаты  Ғұмар Исламұлы ол жол былтыр аяқталуы керек еді дейді.  Сағызша созылған құрылыстың салдарынан сол маңдағы елдімекеннің тұрғындары қиындық көріп отырғанын жеткізді.  

Ғұмар ИСЛАМҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Президентке берген протокол ішінде бұл жолдың жұмысы 2021 жылы аяқталуы тиіс. Алайда жолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Жұмыс тоқтап тұр. Жол торабының жанындағы елді мекендер қиыншылық көріп отыр. Не себептен? Кімнен кемшілік кетті?
 
Министр жол құрылысының тоқтап қалғанына мердігерлерді айыптады. "Құрылыс компаниясы жазаға тартылған, қайта тапсырма берілген. Жобаны аяғына жеткізу енді солардың міндеті" деді.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Тағы 9,5 млрд теңге керек болып тұр. Оны бюджеттен корректировка жасағанда, біз өз ұсынымызды берейін деп отырмыз. Сол себептен сізге өтірік айта алмаймыз, ертең бастаймыз деп. Ол ертең басталмайтын жұмыс, жобаны келесі жылы бітсек, ең жақын  дегенде 2024 жылдан бастап жолдың құрылысы басталады.

Ә. Дүкембаева