Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматы облысында бүтін бір отбасы ажал құшты

AstanaTV
03.02.2022ж. 20:00
2566
Алматы облысында бүтін бір отбасы ажал құшты

Алматы облысында бүтін бір отбасы ажал құшты. 24 жастағы ер адам, әйел және олардың 4 және 1 жастағы бүлдіршіндерінің мәйіті жер үйден табылған.

Қайғылы жағдай Еңбек ауылында болған. Облыстық Төтенше Жағдайлар Департаменті мамандарының алдын ала жасаған болжамдарына сенсек, бүтін бір отыбасы пештен шыққан түтіннен уланған.  Әрі марқұмдар шамамен 2-3 күн бұрын қайтыс болған деп отыр. Дегенмен қазаның себебін анықтау үшін мамандар сот медициналық сараптама жұмыстарын бастап кетті.

Ерлан АХАШОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыстық ТДЖ-не Талдықорған қаласы, Еңбек ауылындағы жергілікті тұрғындардан шақырту түсті. Олар сондағы тұрғын үйлердің бірінен 4 адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Оқиға орнына барғанымызда марқұмдардың 1998 жылғы күйеу мен әйелі, және олардың 2018, бен 2021 жылғы балалары екенін анықтадық.

Ә. Лесбек