$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Су шаруашылығының жағдайы мәз емес

AstanaTV
07.02.2022ж. 20:00
1165
Су шаруашылығының жағдайы мәз емес

Биыл да елдегі су шаруашылығының жағдайы мәз емес.  Өйткені Тоқтағұл мен Шардараға келген су көлемі әлдеқайда аз. Бұлай жалғаса берсе, Көксарай суқоймасына су жианалмай қалу қаупі бар. Бұл егін шаруашылығымен күнелтіп отырған аймақтарды алаңдатып отыр. Ақмаржанымен танылған Сыр дихандары су тапшылығын қалай еңсереді? Толығырақ тілші тарқатады.

Тоқтағұл су қоймасындағы судың көлемі, былтырғыдан 1,5 млрд текше метрге кем. Ал мамандар Шардараға 10,3 млрд текшеметр су келеді деп күткен еді. Алайда, болжағаннан 3 млрд-қа кем түсуі мүмкін. Қазгидромед мамандары таулы жерлерден келетін су көлемі де былтырғыдан 50 пайыз аз деп отыр. Бұған жергілікті мамандар алаңдаулы.

Сейілбек НҰРЫМБЕТОВ, СУ РЕСУСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінге келіп жатқан судың көлімі 600-700 текше метр су, өзгермеген жағдайда онда, тек қана Шардараға 5,1-5,2 млрд текше метр көлемде су жиналып, Көксарайға ешқандай су алуға мүмкіндік болмайды. Бұл біздің экологиялық қажеттіліктерімізге, Арал теңізіне баратын судың төмендеуіне себеп болады.

Былтырғы қуаңшылық Сыр диқандарын бүйірден әбден қысқан еді. Мамандар егістік жерлерге наностың көмегімен су айдап күнелткен болатын. Оған қоса егіс көлемін әжептеуір қысқартты. Ал биыл вегетациялық кезде Шардараға су келмейтін болса жағдай бұдан да күрделі болмақ.  Сондықтан мамандар биыл да күріш көлемін азайтуға мәжбүрміз дейді.

Талғат ДҮЙСЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Амал жоқ біз күріштің көлемін қысқартуға мәжбүр боламыз деген сөз. Өйткені өткен жылы біз 83 мың гектер ексек, биыл, қазіргі таңның өзінде 80 мың гектар көлемінде егеміз деп межелеп отырмыз. Бірақ дегенмен бұл әлі вегетациялық кезеңде берілетін судың көлеміне қаралады.

Сырдарияның 90 пайыз суы Қырғыстан, Өзбекстан, Тәжікстан арқылы түседі. Өкінішке орай, сырт елдерге тәуелділік басым. Жауапты министрлік көршілермен тиімді келісімге келуге күш салып жатырмыз дейді.

Серік ҚОЖАНИЯЗОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

13 ақпанда Қырғызстан Республикасы Премъер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласына келіп, сол жерде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су мәселесі бойынша проблемалардың шешу жолдарын қарастыратын болады. Сонымен қоса, 2,5 млн. суармалы жерлер Сырдарияның бойында бар. Өзбекстанға өте біз тәуелдіміз. Соған да көп жағдай байланысты. 11 ақпан күні Премъер-министр Ташкент қаласына барады.

Былтыр аймақтағы бірнеше көл картадан жоғалып кетті. Аралдағы ең үлкен Қамбаш көлі де кішірейіп, сасық иістен маңайдағы тұрғындар тұншыққан болатын. Мамандар былтыр Сырдарияға соңғы 30 жылдағы ең төменгі деңгейдегі су келгендігін айтуда. Биылда солай болса, аймақтың экологиялық, экономикалық жағдайы күрделене түсетіні айтпаса да белгілі.
 
М. Тоқтасынқызы