Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Маңғыстаудағы еңбек ұжымдарының наразылығына қатысты Президент тапсырма берді

AstanaTV
08.02.2022ж. 20:00
861
Маңғыстаудағы еңбек ұжымдарының наразылығына қатысты Президент тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  сондай-ақ, Маңғыстаудағы еңбек ұжымдарының наразылығына қатысты  тапсырма берді. Жұмысшылардың барлық талабы мұқият қаралуы керек деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік,  Жаңаөзен қаласында еңбек ұжымдарының ереуілдетіп жатқанына бір апта болды. Олар  билікке үндеу жолдап, өз талаптарын білдіруде.  Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, өңірде былтыр 62 ұжымдық дау тіркеліп, оның жиырма төрті 3 сағаттан аса жұмысын тоқтатқан. Наразылық жалақы төмендігі, ірі компаниялардың еншілес ұйымдары мен сервистік қызмет көрсететін жеке мердігер компаниялар қызметкерлерінің жалақысындағы айырмашылықтар,түрлі тарифтерге байланысты туындаған. Жалақыдан бөлек, жұмысшылар әлеуметтік пакетті жақсартуды талап етеді. Президент мәселені әкімдерге ғана жүктеп қоймай, бірлесе қарауды ұсынды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Қызметкерлердің барлық талабын мұқият зерделеу қажет. Олардың заңды мүдделері сақталуы керек.Кәсіподақтар мен компания иелері арасында диалог құру қажет.Қабылданған шешімдерді қарапайым қызметкерлерге дұрыс түсіндіру керек.Наразылық білдіруші азаматтардың проблемаларын шешу үшін үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры бірге жұмыс істеуі керек. Қажет болса, Маңғыстау облысына тағы да арнайы үкіметтік комиссия жіберу керек.

Л. Қуанышқызы