Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағанды облысында екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті

AstanaTV
08.02.2022ж. 20:00
922
Қарағанды облысында  екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті

Қарағанды облысында екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олар әскери бөлімді өз бетімен тастап кетіп қалған. Қолдарында қару   болмаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында қос сарбаз көп ұзамай табылды.   Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады, дейді қорғаныс министрлігінің өкілдері.

Т.Әлжанов