$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тараздағы шенеуніктері тағы да даудың ортасында қалды

AstanaTV
10.02.2022ж. 20:00
2171
Тараздағы шенеуніктері тағы да даудың ортасында қалды

Тараздағы шенеуніктері тағы да даудың ортасында қалды. Бұл жолы шаһар басшысының орынбасары мен қала әкімнің кеңесшісі арасындағы ерегес, әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Видеода қос шенеунік бір-бірін ғайбаттап жатыр.

Бұл бейнежазба кешелі бері желіде желдей есіп жүр. Мемлекеттік қызметкерлердің бейәдеп әрекетін көпшілік сынға алды. Қала әкімдігі бұл жағдай екі ай бұрын болғанын жасырмады. Дегенмен қызметкерлеріне шаң жуытқысы жоқ. Әкім кеңесшісінің айтуынша, шаһар басшысының орынбасары мердігермен сөзге келіп қалған, ал әкім кеңесші оларды ажыратқан. Сонымен қатар басы дауға қалған әкім кеңесшісі 10 күн бұрын ғана өз еркімен жұмыстан кетті деді. Бұл мәселені енді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті қызметкерлері қарайтын болды.

Зарина ҚУАТОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:
 
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев осы қызметке 2020 жылдың 26 сәуірден бері осы қызметке тағайындалған. Ал видеодағы жағдай 2021 жылдық 27-қарашасында орын алған. Енді оның ары қарайғы қызметіне қаншалықты әсер ететіндігін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шешім шығаратын болады.

Б. Жұмабайұлы