Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақсудағы аты шулы сүт фермасына тексеру басталды

AstanaTV
10.02.2022ж. 20:00
1078
Ақсудағы аты шулы сүт фермасына тексеру басталды

Павлодар облысы Ақсу қаласындағы аты шулы сүт фермасында тексеру жұмыстары басталды. Себебі тұрғындар фермадан шығатын жағымсыз иіске шағымданған. Шағын шаһар аумағында тауарлы-сүт фермасы салынғалы жұртшылықтан маза қашқанын бұған дейін де көрсеткен едік. Тұрғындар әкімдік табалдырығын тоздырып шаршаған, алайда нәтиже көре алмай келеді. Былтыр облыс әкімінің пәрменімен комиссия құрылып, мыңдаған бас сиыр тұрған фермада иіс жоқ- деп "айды аспанға" шығарды. Мұнымен келіспеген тұрғындар аймақ басшылығына құзырлы органдар тарапынан тексеру жүргізсін деп талап қойды.

Әйгерім ҚАБЫЛТАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тексеріс Экология департаменті, Санитарлы эпидемиологиялық басқарма және Ветеринарлық инспекциямен жүргізілуде. Тексеріс нәтижелері 10 күн аралығында шағымданушыларға және қоғамға жеткізілетін болады.

Ө. Қуанар