$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Үй ішінен үй тігу емес", – депутат

AstanaTV
10.02.2022ж. 20:00
1363
"Үй ішінен үй тігу емес", – депутат

"Үй ішінен үй тігу емес". Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңадан құрылған "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобына қатысты осындай пікір  білдірді. Топ мүшелері ашық әрі нәтижелі жұмыс істейміз деп білек сыбанып отыр. "Жаңа Қазақстан"-ның әзірге 31 мүшесі бар. Олар үш секторға бөлінген. Айдос Сарымның айтуынша, депутаттық топ тіркелгеннен кейін Парламенттік тыңдау ұйымдастыруға, депутаттық сауал жолдауға, кез келген үкіметтік ұйымның басшысын шақыруға, есеп алуға, құжаттарын сұратуға қақысы бар.  Ең алдымен Мәжілістің, Парламенттің жұмысын барынша жандандырып, әлеуетін дұрыс пайдалануымыз керек дейді. Ішкі реформаларды жүзеге асыруға көмектеспек.

Сайлаушылардан келген шағымды бірлесе қарап, оның шешілуіне атсалысады. Аймақтарды аралап, халық мұң-мұқтажын тыңдайды. Алғашқы нәтижені 10 күнде көрсетеміз дейді депутаттар.

Наталья ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ендігі жұмада аймақтарға шығайын деп отырмыз. Арнайы жоспарымыз бар. 10 күндік сапарымызда халықпен кездесіп, "Жаңа Қазақстан" депутаттық топтың шеңберінде шұғыл түрде мәселелерді алып, проблемаларды Үкіметпен бірлесіп, шешеміз деген ойдамыз. Менің ойымша, 10 күннен кейін бірінші нәтиже шығады деген ойдамыз.

Жаңа топ утильалым, Алматыдағы «Алтын орда» базары сынды түйткілді мәселелерді бақылауда ұстамақ. Осылайша Мәжілістің жұмысын жаңа жолға, жаңа арнаға бұруды көздеп отыр. Мәжілісмендер өздерінің әріптесі Дариға Назарбаеваға да қатысты пікір білдірді.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір жұмыста жоқ. Сыртынан тон пішпей-ақ қояйық. Келсе айтармыз. Менің түсінігімде ол кісі өз еркімен заявление жазып кеткен дұрыс шығар.  


Т. Әлжанов