Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алғашқы медициналық көмек көрсету дәрістері өтуде

AstanaTV
10.02.2022ж. 20:00
865
Алғашқы медициналық көмек көрсету дәрістері өтуде

Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық қызметкерлеріне  алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылды. Бұл ерекше бүлдіршіндермен жұмыс істейтін мамандар үшін өте маңызды. Науқас балалардың талып қалуы, ауа жетіспеушілігі жиі болады.  Неғұрлым тез көрсетілген   медициналық көмек зардап шегушінің одан кейінгі жағдайына, өмірін сақтап қалуға шешуші әсер етеді дейді мамандар. Айтуынша,  оқу-жаттығуды өткізіп жатқан нұсқаушылар -халықаралық дәрежедегі мамандар.

Қасым ШЫНТАС, НҰР-СҰЛТАН қ. ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ОҚЫТУ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл манекендерге бізде қалай жүрекке жасанды массаж дұрыс жасау керектігін, сонымен қатар қалдай дем беру керектегін, сонымен қатар түрлі жағдайдағы оқыс оқиғалар денсаулығына зиян келген науқастың жағдайын бағалап үйретудеміз.

Ә. Дүкембаева