$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда көпбалалы келіншекті өлтірген жігіт 10 жыл темір торға қамалды

AstanaTV
18.02.2022ж. 20:00
2038
Атырауда көпбалалы келіншекті өлтірген жігіт 10 жыл темір торға қамалды

Атырауда көпбалалы келіншекті өлтірді деп айыпталған танысы 10 жылға темір торға қамалды. Жеті баланы жетім еткен 25 жастағы жігіт қылмысын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім кесті. Тергеу барысында марқұмның денесіне жиналмалы пышақпен 8 жерден ауыр жарақат салынғаны анықталды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Сот үкімін тыңдауға айыпталушының ғана туыстары келді. Жәбірленуші тарап онлайн қатысты.

Зарема ХАМИДУЛЛИНА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сотталушы жәбірленушінің құқына қасақана қазаға әкелгені толықтай дәлелін тапты. Сотталушы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өз еркімен кінәсін мойындап, полиция бөліміне келген. Және қылмыс қаруын өзі тауып берген. Өзі ұсынған. Қылмыстың ашылуына белсенді атсалысқан.

Естеріңізге салайық, қанды оқиға былтыр қараша айының аяғында Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған. 35 жастағы «Алтын алқа» иегерін танысы пышақтап кеткен еді. Қылмысты жасай сала, анасына барып:  "алып берген несиені төлемегені үшін өлтірдім" деп - мойындаған. Ауыр жарақаттан келіншек оқиға орнында қайтыс болды. Қомақты несиені сот сотталушының өзі төлеуін міндеттеді.

Б. Надірқызы