Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мәжіліс депутаттары Қосшы қаласына іс-сапармен барды

AstanaTV
18.02.2022ж. 20:00
1867
Мәжіліс депутаттары Қосшы қаласына іс-сапармен барды

Мәжілісмендер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша әзірленген "Жол картасы" бойынша. Ақмола облысы Қосшы қаласында іске асырылып жатқан жұмыстармен танысты. Соңғы 4 жылдан бері құрылысы тұралап қалған мектеп ғимараты аймағында болды.  1 мың 200 орындық білім ошағы жоспар бойынша өткен жылы аяқтаулы қажет болған. Алайда қаржылық мәселелерге байланысты, жұмыс кешеуілдеген. Депутаттар бүгін тараптарды тыңдап, барлық істі өз бақылауларына алатын болды. Олар жаңа мектеп биыл ел игілігіне тапсырылады деді. Айта кетейік, Қосшыда биыл тағы да 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Мәди ЕЛЮБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Мердігер уақытысында қаржы алмағандықтан олар кішкене созылып қалды да, биыл бітіреміз деп уәде беріп жатыр. Енді біз осы уәделерін қадағалауға өзіміз аламыз Алла жазса, осы енді бұл мектепті биыл бітіріп осы 2022 жылы 1 қыркүйегінен бірінші балаларды қабылдайды деп енді осы мәселені қадағалауға тырысамыз.

Юлия КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Алдағы уақытта, егжей-тегжейлі барлық құжаттармен танысатын боламыз. Қосшы  кенті қала мәртебесін алғаннан кейін бюджетте өзгерістер болды. Егер бұрын кент бюджеті Целиноград ауданының бюджетіне кіретін болса, бүгінде Қосшы қаласының бюджеті бөлек. Бұл мәселе өте көп уақытты алғаннан кейін, қарапайым халық зардап шекті.

Б. Сатуов