Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Солтүстік Қазақстан облысындағы фанер зауытында шикізат тапшы

AstanaTV
23.02.2022ж. 20:00
941
Солтүстік Қазақстан облысындағы фанер зауытында шикізат тапшы

Солтүстік Қазақстан облысындағы фанер зауытында шикізат тапшы. Аймақтағы бірегей зауыт былтырғы жылы іске қосылған. Жылына 15 мың текше метр өнім шығаратын кәсіпорын қазір  ішкі нарықтың 30 пайызын фанермен қамтамасыз етіп отыр.  Алайда, ақ қайыңдар өлкесінде өндірілетін шикізат бұл зауытқа жетіспейтін көрінеді. Сондықтан өндіріс ошағы ағашты сырттан тасуға мәжбүр.

Огузхан ЧЕЛИК, ФАНЕР ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ағаштың көбісін Қазақстаннан алып жатырмыз. Ал біраз бөлігін Ресейден тасып жатырмыз. Біздегі қайынның кейбіреуі жарамайды. Бізге міндетті түрде качество керек. Качествосы бар материалдың біразын Россиядан тасимыз және Қазақстаннан алып жатырмыз ағашты.
 
Солтүстікте жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаттары  зауытқа барып, проблемамен жіті танысты.   Шикізат тапшылығы мәселесін бақылауға алатындарын айтты.
 
Дмитрий КОЛОДА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жергілікті орман пайдаланушылар бұл зауытты материалмен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Фабрика ашылар алдында белгілі бір келісімдер болса керек. Қазір бұл келісімдер неге орындалмай жатыр? Осы бағытта зерттеу жүргіземіз.

А. Құрманкин