Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылордалықтар өздерін толғандыратын мәселелерді депутаттарға жеткізді

AstanaTV
23.02.2022ж. 20:00
884
Қызылордалықтар өздерін толғандыратын мәселелерді депутаттарға жеткізді

«Nur Otan» партиясына қызылордалықтар зор сенім артады. Оны бүгінгі қоғамдық қабылдауға келген жұрттың көптігінен  аңғаруға болады. Мәжіліс депутаттары арыз арқалаған тұрғындардың мұқтажына  құлақ түрді. Мұндай қоғамдық қабылдаулар депутаттар мен елдің арасында диалог қалыптастырып, арадағы сенімді нығайтады дейді тұрғындар. Сондықтан   мұнда үлкен сеніммен келгендерін  айтады. Фракция мүшелері де елдегі түйткілдің түйінін тарқатуға барынша атсалысамыз дейді.

Назерке ҚАДЫРОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Жалғыз денсаулық емес бұл жерде. Әлеуметтік мәселе де төмен. Балалардың білім мәселесі. Бүкіл жағдаймызды айттық. Осы облыстың мәселелерін айттық. Ол кісі жақсы тыңдады. Барлығын жазып та алды. Енді сол кісіге деген үлкен сенімімізбен, үмітімізбен жауабын күтеміз.

Бақытбек СМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Су мәселесін көріп отырсыз ғой, қуаңшылық мәселелері, денсаулық сақтау орталықтарында мысалы, өздерінің үйлерінің, тұмыстарының нашарлығы осы бір мәселелер қамтылып жатқан. Негізінен осы бағытта. Сондықтан да қолдан келгенше біз көмегімізді, Парламентте көтеретін мәселелердің барлығын жинақтап алдық.

М. Тоқтасынқызы