Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Украинада 1,6 мыңнан астам қазақстандық бар

AstanaTV
24.02.2022ж. 20:00
1033
Украинада 1,6 мыңнан астам қазақстандық бар

Қазір Украинада 1 мың 600-ден астам қазақстандық бар. Соңғы оқиғаларға байланысты еліміздің азаматтары эвакуацияланады. Уақытша консулдық есепте 493 адам тұр, олар -елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер мен бизнес өкілдері. Тұрақты консулдық есепте 1 110 адам тіркелген. Қазақстан азаматтары Украинаның Киев қаласы, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады. Сырты істер министрлігі эвакуациялау жұмыстарымен Киевтегі елшіліктің айналысып жатқандығын мәлімдеді. Отандастармен байланысу үшін «жедел желі» телефондары іске қосылды. Украинадағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26 үй мекенжайы бойынша және "жедел желі" телефондары арқылы хабарласа алады. +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 8 (7172) 72-06-06, 72-05-00 телефондарына қоңырау шалуға болады.

Т. Әлжанов