Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Украина мен Ресей арасындағы жағдай шиеленісті

AstanaTV
24.02.2022ж. 20:00
1368
Украина мен Ресей арасындағы жағдай шиеленісті

Украина мен Ресей арасындағы барлық дипломатиялық қарым-қатынастар үзілді. Украина президенті Владимир Зеленский елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді.  Ал Ресей президенті Владимир Путин өз үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция басталатынын айтты. Ушыққан мәселеге Біріккен Ұлттар Ұйымы араласты. Украинадағы жағдай туралы Әсел Дүкембаева толықтырады.

Украина басшысы ресейліктерді татулыққа шақырды. Ол Президент ретінде емес, ресейліктерге Украина азаматы ретінде үндеу жолдап отырғанын айтты.

Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Екі ел шекарасының ұзындығы 2 мың шақырымнан асады.  Қазір мұнда шамамен 200 мың сарбаз бен мыңдаған әскери көлік тұр. Президенттеріңіз басқа елдің аумағына қарай қадам жасауға рұқсат берді. Бұл Еуропа құрлығында үлкен соғысқа алып келуі мүмкін.

Ресей Сыртқы Істер Министрлігі Украинаның бейбіт халқына зиян келмейді деген болатын. Артынша Владимир Путин ресейліктерге үндеу жолдады. Ол  Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Донбасс Халық Республикасы Ресейге көмек сұрап жүгінді. Осыған байланысты, БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес, Федерация Кеңесінің санкциясымен және Федералды Жиналыс бекіткен Донецк және Луганск облыстарымен достық және өзара көмек туралы келісімдерді орындау үшін мен арнайы әскери операция жасау туралы шешім қабылдадым.

БҰҰ-да шұғыл жиын өткізді. Бас хатшы Антониу Гутерриш  бейбітшілікте өмір сүруге және Украинаға басқыншылықты тоқтатуға шақырды.

Антониу ГУТЕРРИШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:

Мен шын жүректен бір нәрсені айта аламын: Президент Путин, Украинаға шабуыл жасауды тоқтатыңыз, Ресейге әскерлеріңізді қайтарыңыз. Бейбітшілікке мүмкіндік беріңіз, тым көп адам өлді.

Украина елшісі Анкаре Василий Бондар, Түркия билігінен көмек сұрады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елшілік Ресей кемелерінің Қара теңіздегі Босфор және Дарданелл бұғаздары арқылы жолға шығуына әзірге тосқауыл қоя тұруды сұрап отыр.

Ә. Дүкембаева