Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме?

AstanaTV
24.02.2022ж. 20:00
1265
Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме?

Бітімгерлерді қақтығыс аймағына жіберуге құқығымыз жоқ. Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Оның айтуынша, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан тысқары жерлерге бітімгерлерді жібере алмайды. Өйткені, қақтығыс аймағы ұйымға қатысушы елдер аумағына кірмейді. Сенат төрағасы сондай-ақ, Ресей мен Ураина өте жақын ел әрі экономикалық серіктес екенін атап өтті. Сондықтан бір тараптың мүддесін қорғамаймыз деді. Бұл жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешу маңызды екенін айтты.  

Мәулен ӘШМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Өзіміздің мүддемізге сәйкес келсе, әскери континентімізді бейбіт келіссөзді қамтамасыз ету үшін жіберуге мүмкіндігіміз бар. Бірақ бұның барлығы БҰҰ аясында және БҰҰ мандатының аясында жүзеге асырылуы керек. Осы мәселенің барлығын БҰҰ аясында қарастырған дұрыс болады деп есептейміз. Жалпы халықаралық, құқықтық база негізінде мәселені қарап, осы қиын жағдайды шешуге бар күшті салу керек.


Т. Әлжанов