Елорда мектептері мен балабақшаларында іс-шара өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлімдеді. Оның айтуынша,  жыл басталғалы Нұр-Сұлтан қаласында 6 мыңнан  астам мектеп оқушысы коронавирус індетіне шалдыққан. Сол себепті, шаһардағы 24 мектепте карантин енгізілген. Десе де, балабақшадағы жеке топтарда өтетін мерекелік шараға ата-аналардың  қатысуына рұқсат етілді. 
Д. Жарқынбек