Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен 15 мың қазақстандық жаңа көлік ала алады

AstanaTV
24.02.2022ж. 20:00
1285
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен 15 мың қазақстандық жаңа көлік ала алады

Биыл жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен 15 мың қазақстандық жаңа көлік  ала алады. Мұндай болжамды автобизнес қауымдастығының өкілдері айтты. Мамандар жеңілдікпен тұлпарлы болғысы келетіндер көп екенін айтады.  Несие шарттары  да жарияланды. Бастапқы жарна – 0, ал жылдық мөлшерлеме – 4 процент.  

Анар МАҚАШЕВА, ҚАЗАҚСТАН АВТОБИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Көлікті 4 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға несиеге алудың тиімді тұстары көп. Біріншіден қарапайым халықтың қалтасына салмақ түспейді.   Екіншіден Қазақстандағы көлік паркі жаңарады.

Үкімет жариялаған утиль алымды төмендету  автомобиль бағасын реттей қоймайды. Өйткені, елімізде көлік сататын отандық өндірушілердің үлесі - 65 пайыз.

Ермек ЕСКЕРГЕНОВ, «ВИРАЖ» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
 
Бұған дейін жеңіл көліктерді шетелден аларда утилизациялық алым сомасына 1 млн теңгеден көп қаражат кететін. Жаңа ережемен  500 мың теңгедей болмақ. Яғни төлем көлемі көлік моторының сыйымдылығына байланысты есептеледі.


Ә. Лесбек