Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Биліктегі ауыс-түйістер...

AstanaTV
25.06.2016ж. 20:00
1648
Биліктегі ауыс-түйістер...

Апта басында Парламент Мәжілісінің Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов республикалық «Ардагерлер ұйымы» төрағасы болып сайланды. Бұл әрине, қоғамдық жұмыс. Ал Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді. Әділбек Жақсыбеков оның орнына барды. Жақсыбековтің орнына Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев тағайындалды. Исекешевтің орнына орынбасары Жеңіс Қасымбек отырғызылды. Соңында Бақтықожа Ізмұхамбетов Парламент Мәжілісінің қатардағы депутаты болып қалды, Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болып сайланды. Осындай ауыс-түйістер...

Бір деталь. Әсет Исекешевке байланысты әлеуметтік желілерде комментарийлер көп болды. Түсінікті – себебі астанамыз Астананы басқаруға тағайындалған салыстырмалы түрде жаңа адам... Оның жаңашыл шенеунік екені мысалы, барлық қызметтердің электронды форматқа көшуін қолдайтыны, студенттер, инноваторлармен жиі кездесетіні жазылды. Жаңашыл болғасын ба, сарказмға толы посттар бар. Оны белгілі америкалық фэнтези жанрындағы «Тақтар ойыны» (ағылшынша Game of Thrones) тройнес//драмалық телесериалының кейіпкері етті. Қараңыз: / Солтүстіктің қорғаушысы /

Юрий Дорохов:/Фэйсбуктегі парақшасынан/

- Сасықпен не істейміз?

- Оның жаңа королі бар, оның мәселесімен сол айналысады.

- Әсет Өрентайұлы, мен Талдыкөл туралы айтам, Грейджой туралы емес...

- Онымен де.  

 Иә, ауаны мүңкітіп тұрған Талдыкөл, су ағып кететін канализацияның жоқтығы, келесі жылы өтетін ЭКСПО көрмесі, соған сәйкес, жаңа темір жол вокзалын салу, әуежайды кеңейту, миллиондаған туристі қабылдау және алданған үлескерлер мен шұрық-тесік жолдар сияқты әлеуметтік проблемалар... «Солтүстіктің сақтаушысы» не істер екен?