Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Белоруссиядағы Гомель қаласында Украина мен Ресей делегацияларының келіссөздері басталды

AstanaTV
28.02.2022ж. 20:00
955
Белоруссиядағы Гомель қаласында Украина мен Ресей делегацияларының келіссөздері басталды

Қазір әлем жұртшылығының назары Украина мен Ресей делегацияларының келіссөздері өтіп жатқан Белоруссияның Гомель қаласына ауған. Келіссөз өткізуге тараптардың келіскеніне көп болған жоқ. Ресей делегациясы Беларуське келе сала Киев өкілдерін түскі сағат үшке дейін күтетінін мәлімдеді. Украин билігі бұл уақытқа санаулы минут қалғанда ғана шешім қабылдапты. Ресейлік делегацияны  президент  көмекшісі, бұрынғы мәдениет министрі Владимир Мединский бастап барды. Украина тарапынан Қорғаныс министрі, Жоғарғы Рададағы «Слуга народа» фракциясының жетекшісі және Сыртқы істер министрінің орынбасары келген. Бүгінде Еуропаның жиырмадан астам елі ресейлік ұшақтардың өз аумағымен ұшуына тыйым салды. Ресейдің геноцид жасағанына шағымдаған Украина БҰҰ-ның халықаралық сотына шағым түсірді. Осындай қарбаласта Ресей рублі рекордтық жағдайды құлдырап жатыр.