Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Аманат» атауының жүгі ауыр,- Л.Разбекова

AstanaTV
02.03.2022ж. 20:00
954
«Аманат» атауының жүгі ауыр,- Л.Разбекова

«Аманат» атауының жүгі ауыр. Енді нұротандықтардың жауапкершілігі еселеп артты. Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының 7-ші шақырылым депутаты Ләззәт Разбекова осылай дейді. Бұл жолда атқаратын жұмыс көп екенін мойындайды. Ең басты өзгерісті партия мүшелері өздерінен бастауы керек деп отыр. Әрі ауыл жастарына арналған «Өрлеу» жобасын, ұтымды шешім екенін айтты.  

Ләззат РАЗБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ, ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ДИРЕКТОРЫ:


Нақты іс-шаралар бекітілді. Оның ішінде, атап айтатын болсақ, ауыл жастарына қатысты менің көңіліме жақсы қонды. Маған өте ұнады. Біз барлығымыз ауылдан шыққандармыз. Сондықтан ауыл жастарына партия тарапынан көмек тиіп жатса, ауылдың өте белсенді, білімді, білікті жастарына өмірде өз орындарын табуға, қоғамға пайдалы болуға септігін тигізіп жатса, ол әрине үлкен жұмыс.