Елордаға ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны ұсталды. Оның үйін тінту кезінде жерге көмілген 20 келі гашиш табылып, тәркіленді. 36 жастағы азамат есірткі заттарын Нұр-Сұлтан қаласына жеткізумен айналысқан көрінеді. Қазір құзырлылар оның сыбайластарын анықтауға тырысуда. Ал күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Асқар ЖҰМАБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕҚҚБ БАСТЫҒЫ:
Қазіргі уақытта осыған қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Б. Жұмабайұлы